Текст
Мектеп тасымалын дұрыс ұйымдастыру, Жөкей, Карловка, Трамбовка ауылдарынан тасымалданатын оқушыларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік шарасын күшейту, оқушыларға тағыда жол жүру ережелерін естеріне салу мақсатында "Жолда жүру ережесі" тақырыбында ақпараттық түсіндіру сағаты ұйымдастырылды. Шара барысында жолда жүру ережелері, жаяу жүргінші жолағындағы ереже, автобусқа міну, тасымал кезіндегі қауіпсіздік шаралары, қауіпсіздік белдігін тағу, автобусқа кезекшісіз мінбеу қағидалары түсіндірілді.
Мектеп оқушыларын қауіпсіз тасымалдау мақсатында кезекшілік кестесі құрылған. Күнделікті 7.00 де кезекші мұғалім аталған ауылдарға бірге барады.