"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҮЛГІ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА УЛЬГИ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Хаттама №3. Қамқоршылық Кеңес отырысы 8 қаңтар 2019 жыл

20.05.2019

Қамқоршылық Кеңес отырысы 8 қаңтар 2019 жыл

Хаттама №3

Қатысқандар: 14 адам

                                                     Күн тәртібінде

1.»Қамқорлық» акциясына қатысу

 2. Құқық бұзушылық бойынша ата-аналармен бірлесе жұмыс атқару жолдары

 

Бірінші сұрақ бойынша тәрбие ісінің орынбасары Құрмет Қанағат сөз алып, қараша айында өткізілген Кеңес отырыснда таныстырған «Қамқорлық» акциясы туралы тағы да түсіндіріп, келесі ақпартқа тоқталды: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2019 жылғы 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясын өткізу туралы хабарлайды. Акция мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылмаған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер (киімдерінің, аяқ кимідерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу. Акцияның басым міндеттері мектеп жасындағы балалардың оқуды тоқтатуға немесе олардың ұзақ уақыт сабаққа бармауына жағдай туғызған себептерді айқындау, дәлелсіз себептер бойынша сабаққа келмеуді алдын алу, сондай-ақ материалдық жағдайы төмен отбасыларда тұрып жатқан балалардың өмір сапасын жақсарту, жұртшылықты аз қамтылған және тұрмысы қолайсыз отбасыларға материалдық көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық қызметпен айналысуға тарту.

 

    Екінші сұрақ бойынша мектеп директорының орынбасары Нагуманова Г.К. сөз алды. мектептегі құқықтық кеңесі бойынша мүшелерімен және жұмыстарымен таныстырып жоспар бойынша атқарылып іс-шаралар туралы айтты.Құқық бұзушылықтың алдын алудағы бірлескен тәрбиелік іс-шараларға қатысу, өнеге, үлгі болу. Акция, семинар, конференцияларда белсенділік таныту. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануын ұйымдастыру және қадағалау «Салауатты өмір салты үшін» «Қамқорлық» акциясы «Түнгі ауыл» кезекшілік рейді «Заң және жасөспірім» айлығын жедел проф. іс-шарасы; Жеке тұлғаға құқықтық тәрбие беру ісіндегі отбасы тәрбиесі мен білім ошағында берілетін сан-салалы тәрбие түрлерінің сабақтастығын қалыптастыру. Бірлескен тәрбие ісінің озық үлгісін жасау. Құқықтық тәрбие беруде ата-аналарды мектеп өміріне тарту арқылы мектеп пен отбасы жұмысын ықпалдастыру және педагогикалық ұжыммен тығыз байланыс орната отырып, әрбір баланың құқықтық – адамгершілік қабілетін толық ашу мен дамытуға мүмкіндік жасау; Ата-аналардың, оқушылардың құқықтық сауаттылық белсенділігін арттыру мақсатында жұмыстары жүргізілетіні туралы баяндады.Оқушылар Отбасын зерттеу арқылы ата-ананың құқықтық саналылығын жетілдіру арқылы көзқарасына әсер ету және ата-аналарды мектеп өміріне тарту құқық бұзушылықтың алдын алудағы бірлескен іс-шараларын бала тәрбиесіндегі мектеп пен отбасы жұмысын ықпалдастыру туралы және бүгінгі таңдағы елдің ертеңі деп сенген жастардың қиын тәрбиесі негізінде, сот өз міндеттеріне немқұрайлы қараған балалардың ата-аналарымен көшеде бақылаусыз, қараусыз қаңғып жүріп, балалықпен, түсінбеушілікпен әртүрлі қылмысқа ұрынып қалмауы үшін тәрбиелік мәні бар әңгімелер өткізу қажеттігін, оқушыларға полиция қызметкерінің қатысуымен әртүрлі лекциялар мен кездесулер ұйымдастыру керектігін өз сөзінде айтып өтті.

Сондықтан, ата-ана бала тәрбиесін мектепке жүктемей, өздері де айрықша көңіл бөліп отыруы тиіс. Бір рет қылмысқа барған баланың болашағы не болмақ? «Не ексең, соны орарсың»,- деген сөздің мағынасын кеш болмай ұғынғанымыз дұрыс. Тәрбие бар жерде қылмыс та аз болмақ. Ендеше, ата-аналар қылмыспен бірге күресейік! деп баяндаманы қорытындылады.

 

                                                                 Шешім

1. «Қамқорлық» акциясына қатысу

2.   Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық пен қылмыстыңалдын алу мақсатында атқарылған іс-шара жұмыстары жандандырылсын.

 

 

 

 

                                                     Төраға: /                      ./

                                                     Хатшы: /                               ./



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 20.05.2019 18:23
Құрылған күні: 20.05.2019 18:23

Текст