Текст
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және террорлық жағдай орын алғанда қандай әрекеттер жасау керек, қалай қорғанып, қайда хабарласу қажеттігі жайлы оқушыларды ақпараттандыру бойынша директордың оқу-тәрбие орынбасары Құрмет Қанағат 17 ақпан күні ҰҚК жергілікті департаменттерінің үйлестіруімен қарсы насихаттық бейнероликтер көрсетті. Бұл іс-шара “ Бір материал-бір апта” форматында ұйымдастырылды.Мақсаты- терроризм актісінің қауіпі туындаған жағдайда әрекет ету ережелерін көрсету,радикалды идеологияның зардабын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікті жеткізу.