"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҮЛГІ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА УЛЬГИ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ауған соғысының ақиқаты» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді

14.03.2019

      Үстіміздегі жылы ақпан айының он тоғызы күні Казгородок орта мектебінің «Атамекен» залында Ауған соғысының аяқталғанына 30 жыл толуына орай «Ауған соғысының ақиқаты» атты кездесу өткізілді. Кездесуге ауылымыздың тұрғыны, Ауған соғысының ардагері Қуатов Санат Қуатұлы, облыстық Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері ұйымы төрағасының орынбасары, ауған соғысының ардагері Бралин Қанат Майкенұлы, мектебіміздің алғашқы әскери дайындық пәнінің ардагер ұстазы Нурмаганбетов Жаңатілек Омарұлы, мектеп ұстаздары мен оқушылар қатысты. Кездесу дөңгелек үстел форматында өтті. Ардагерлер өздерінің өмір жолымен таныстыра отырып, сол кездегі соғыс қимылдары кезінде бастарынан кешкен оқиғаларымен бөлісіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Еркін форматта өткен кездесуге оқушыларымыз белсене қатысып, қонақтарымыздың өмір жолын, бастарынан кешкен оқиғаларын асқан қызығушылықпен тыңдады.

Просмотров: 475


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст