"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҮЛГІ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА УЛЬГИ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім күні

25.09.2019

Білім күніне арналған салтанатты сап түзеу ақпараты.

Казгородок ОМ

 

Казгородок орта мектебінде еліміздің барлық білім ордаларындағыдай бүгін 1 қыркүйек Білім күніне орай «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты мерекелік сап түзеу өткізілді. Шараға аудандық білім бөлімі әдіскерлер кабинетінің меңгерушісі Есімсейітова Рысты Айтмағанбетызы, аудандық тілдерді дамыту және мәдениет бөлімінің басшысы Мустафин Бактияр Маратұлы және ата – аналар, ұстаздар, оқушылар қатысты. Мектеп директоры Бекенова А.Б. өткен оқу жылының қорытындысы бойынша ақпарат беріп, жаңа оқу жылына қойылған мақсат-міндеттерге қысқаша тоқталып, жиналған қауымды мерекелерімен құттықтады. Арнайы келген қонақтар дүйім жұртты Білім мерекесімен құттықтап, 1 сыныпқа қабылданған бүлдіршіндер мен түлектерге ақ жол тілесе, ата-аналар да өз кезегінде сөз алып, ұстаздардың қажырлы еңбек жолында сәттілік тіледі. Шара барысында 1 сынып бүлдіршіндері алғашқы тақпақтарын жатқа айтса, мектеп оқушылары әннен шашу шашты. Салтанатты іс-шара алғашқы қоңырау соғумен аяқталып, барлық сыныптар «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты ашық сынып сағаттарына қатысты.

Просмотров: 530


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст