"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҮЛГІ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА УЛЬГИ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Казгородок орте мектебінде «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды

09.02.2018

Казгородок орте мектебінде «Рухани

жаңғыру» кабинеті ашылды.

         Ел Президенті Н.Назарбаевтің ұлт  келешегі үшін қолға алған «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасы бүгінгі таңда үлкен қолдауға ие болып, еліміздің түкпір-түкпірінде игі істер атқарылуда. Сөзіміздің дәйекті дәлелі 5 ақпан күні мектебімізде салтанатты түрде «Рухани Жаңғыру» кабинеті ашылды.

Іс-шараға Аудандық білім бөлімінің басшысы Абдикенов Р.К. білім бөлімінің әдіскері Мурзагулова М.А. аудандық кітапхана директоры Акишева К.Ш. қалалық Абай атындағы №2 қазақ ОМ және қалалық №1 мектептердің тәрбие ісінің меңгерушілері, мектеп ұжымы қатысты.

         Іс-шара мектеп мұражайына саяхаттан басталып, келген қонақтар «Атамекен» «Әскери даңқ залын» аралап, тамашалады. Мектеп оқушыларының қолынан шыққан қолөнер көрмесімен танысып, «Робототехника» үйірмесіне қатысушы оқушылар жасақан роботтарды көріп өз бағаларын берді.

         «Рухани Жаңғыру» кабинетінің лентасын салтанатты түрде Аудандық білім бөлімінің басшысы Абдикенов Р.К. мен мектеп директоры Бекенова А.Б. қиды. Өз кезегінде Руслан Қазбекұлы сөз алып, ел игілігі үшін мектеп ұжымы

жасап жатқан іске оң бағасын беріп, ұлт келешегі үшін алдағы күндерде де білімді шәкір тәрбиелеу жолында замана көшінен қалмауға тілектестігін білдірді. 

 

 

 

Тәрбие ісінің меңгерушілері:

Құрмет Қанағат, Нагуманова Г.К.

Просмотров: 688


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст