"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҮЛГІ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА УЛЬГИ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мұражай-ұрпақтар арасындағы сабақтастық» көрмесі.

07.12.2017

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру жобасының «Туған жер» бағдарламасын іске асыру негізінде және Казгородок ОМ мұражайының ашылғанына 50 жыл толуына орай мектебімізде «Мұражай-ұрпақтар

арасындағы сабақтастық» көрмесі мен «Қайырымды жүрек» акциясы өтті. Акцияға Аудандық білім бөлімінің әдіскері Мрузагулова М.А. Каз ССР білім беру үздігі, азаматтық қорғаныс үздігі– Нұрмағанбетов Ж.О. Үлгі ауылының тұрғыны, ауған соғысының ардагері, мектебіміздің түлегі Қуатов Санат Қуатұлы, аудан мектептерінің тарих пәндерінің мұғалімдері, жоғары сынып оқушылары қатысты.

    Іс-шараның мақсаты жас ұрпақ бойына патриоттық сезім ұялату, өз туған өлкесінің тарихы мен өткенін біліп келешекке табыстау. Ұрпақ сабақтастығын қалыптастыру. Іс-шара барысында мектебіміздің мұражайына, мектептің «Атамекен» «Әскери даңқ залына» саяхат жасалып, мектебіміздің қабырғасында білім алып еңбегімен еленген азаматтар таныстырылды.

  Мектептің Акт залында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасының «Саналы азамат» жобасы негізінде мектебімізде ұзақ жыл қызмет атқарған Нұрмағанбетов Ж.О. мен ауған соғысының ардагері, мектеп түлегі демеушіміз Қуатов С.Қ. кездесу болып, әңгіме сұхбат ұйымдастырылды. Шара соңында шағын концерт көрсетіліп, «Қайырымды жүрек» жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеден түскен барлық қаражат ауданымызда қамқоршысыз қалған балаларға үлестірілетін болды.

 

Просмотров: 461


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст