Қарттарға көмек – қоғамдық міндет
Казгородок орта мектебі ардагерлерге, жалғызбасты қарт ата-әжелерге, сый көрсетуді игі дәстүрге айналдырған. Қазан айының бірінші күнінен бастап айдың соңына дейін «Алау» тобы және аға тәлімгер 1- қазан қарттар мерекесіне орай жоспарға сай ауылымызда тұратын жалғызбасты қарт ата-әжелерге көмек көрсетті. «Қарт пен баланың көңілі ұқсас» деген сөздің жаны бар. Бір ауыз сөзге қуанып, бір ауыз сөзден көңілдеріне кірбің алып қалатын бала жүректі қариялардың бабын табу оңай емес. Дегенмен, мектебіміздің «Алау» тобы қарттардың көңіл кілтін тауып, реті келіп жатса қуантып қоюға тырысады. Міне, осындай ниетпен мектеп ұжымы және оқушылар шығармашылық өнерлерімен қарттарға бір сәтке болса да қуаныш сыйлады. Үй ауласының тазалығына, қысқы маусымға даярлық жұмыстарына өзсептігін тигізіп, ардагерлердің ілтипатына бөленді. Иә, қарты бар елдің қазынасы бар. Саялы бәйтерек, данагөй тұлға қарттарымыздың өмірі мен еңбек жолдары өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болса, біздің міндетіміз – үлкендерге әдеп пен сый құрмет көрсетуді естен шығармау.
Аға тәлімгер:
Тлеубергенова Б.С